• Главная
  • Ақтоғай орта мектебі «ASPAP LIVE» жобасы грантын ұтып алды
14:00, 20 октября 2023 г.

Ақтоғай орта мектебі «ASPAP LIVE» жобасы грантын ұтып алды

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтоғай орта мектебі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар үлесі» ауыл жастарын қолдау жобасына қатысып, «ASPAP LIVE» жобасы грантын ұтып алды. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жоба 15-35 жас аралығындағы ауыл жастарының әлеуметтенуіне қолдау көрсету және елдің қоғамдық-саяси өміріне тарту, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында өтіп отыр.  

-Оқушылардың қызығушылықтарын тудыру, шығармашылықтарын арттыру, ақыл-ойын дамыту, әсемдік әлеміне жетелеу мақсатында Ақтоғай орта мектебінде музыка үйірмесі бұрыннан жұмыс жасайды. Осы үйірменің жұмысын одан әрі жандандыру үшін аталған жобаға мектебіміздің жас ұстазы Жұлдыз Сапарбаеваны қатыстырған болатынбыз. Біздің жобамыз облыс бойынша ұсынылған 60 жобаның арасынан жеңіске жетіп, 500 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алдық. Жоба белсенділігі төмен, тұйық мінезді, ортаға қосыла алмайтын оқушыларды мектептің шараларына тартуымен ерекшеленеді. Ал оқушыларға музыкалық аспап беріп, олармен бірге әнді орындау - балалардың музыкаға, өзіне деген сенімділігін арттырады,- деді мектеп тәлімгері Мәдина Қайрекешова.

Сондай-ақ оның айтуынша, қазақ халқының шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру, ұлттық салт-дәстүрімізді түсіндіру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, танымын ашу, халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру, музыкалық аспаптардың үнін ажырата отырып, меңгере білуге үйрету – басты міндет.   

Үйірменің ұйымдастырушысы, музыка пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Базар Ғаббасованың жетекшілігімен жергілікті кәсіпкерден ұлттық аспаптар сатып алынып, бастамашыл топ жаңа жоба аясында жұмысын бастады.  Қазіргі таңда ансамбль құрамында 23 бала бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Актогай #грант #«ASPAP LIVE»
Объявления
live comments feed...