• Главная
  • Көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту жөнінде ақпарат
14:00, 19 октября 2023 г.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту жөнінде ақпарат

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырау облысы бойынша 1789 көппәтерлі үй бар. Оның ішінде Атырау қаласында 1228 үй. 9 қазаннан бастап тұрғын үйлерге біртіндеп жылу берілді. Жоғары қысыммен жылу берілгенде 72 үйлерде ішкі жылу жүйесінде ақаулықтар анықталды. Атап айтсақ, кейбір жалпыүйлік есептегіш құралдарын тұрғындардың мерзімінде ауыстырмауына, жертөле және пәтерішілік желілерден ақау шығуына байланысты болып отыр. Бұл жұмыстар кондоминиум басқару органдары мен тұрғындардың жауапкершілігінде болып табылады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бүгінгі күні ақаулықтарды жою мақсатында қала әкімдігімен 3 бригада құрылды. Ағымдағы жылдың 17 қазаны түске дейінгі мерзімде 35 үйге жылу берілді. Қалған үйлер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жылыту
Объявления
live comments feed...