20:00, 18 октября 2023 г.
Avon косметикалық компаниясы онкология ауруханасына ультрадыбыстық құрылғыны сыйға тартты
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырау қаласының онкологиялық ауруханасында Avon брендінің бастамасымен баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шараға Avon косметикалық компаниясының директоры Асель Садыкулова мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев және аурухана дәрігерлері қатысты.
Конференция барысында сүт безі обырын анықтауға көмектесетін ультрадыбыстық құрылғыны онкологиялық диспансерге Avon косметикалық компаниясының директоры Асель Садыкулова табыс етті.
Әлемде, соның ішінде Қазақстанда сүт безі обыры әйелдерде кездесетін қатерлі ісіктердің арасында 1-орында тұр. Сондықтан қай қатерлі ісік ерте кезеңдерінде анықталса, онкологиялық науқастардың 95% -да емдеу сәтті болады.
-Біз портативті ультрадыбыстық құрыоғыны Атырау онкологиялық диспансеріне беруді ұйғардық. Себебі Қазақстанда заманауи медициналық жабдықтардың ең жоғары тапшылығы осы аймақта байқалады. Атырау онкологиялық орталығының онколог-маммологтары аудандарға, ауылдық жерлерге үнемі барып тұрады. Сондықтан портативті ультрадыбыстық құрылғы диагностика сапасын арттырып, Атырау облысының барлық тұрғындарына қажетті кеңес алуға мүмкіндік береді, - деді А.Садыкулова.
Өңірде онкоаурулармен күресте AVON косметикалық компаниясы үнемі белсенділік танытып отыр. Ол 15 жылдан астам уақыт бойы «Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес миссиясын» ұстанып келеді.
Еске салайық, тегін скринингтен 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер тұрғылықты мекенжайы бойынша емханалардан өте алады.
Айта кетейік, Атырау облысындағы сүт безі қатерлі ісігінің ахуалы бойынша 9 айының қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігімен есепте 1065 науқас тұр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:44, 26 ноября
12
live comments feed...