• Главная
  • Қосшағыл интернатының тәрбиеленушілері тегін шеберлік сағатына қатысты
10:00, 17 октября 2023 г.

Қосшағыл интернатының тәрбиеленушілері тегін шеберлік сағатына қатысты

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Құлсары қаласының балалары ай сайын ақысыз түрлі шеберлік сағаттарға қатыса алады. Жақын арада дәл осындай тегін шеберлік сағат Жылыой ауданының Қосшағыл селосындағы интернаттың тәрбиеленушілеріне де өткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Біздің мекемемізде аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, жартылай жетім балалар және ата-ана қарауынсыз қалған балалар оқиды. Кез-келген бала үшін ішкі сезімдерін сыртқа шығару үшін, ойы бөлініп, рухани демалу мақсатында осындай іс-шаралар маңызды. Осы жолы 30 баланы тіркедік, алдағы уақытта да басқа тақырыптағы шығармашылық сағаттарына қатысамыз деп үміттенеміз, деді мектептің әлеуметтік педогогы Гүлнар Таласбаева. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық шеберлік сабақтары кезінде мектеп оқушылары қиял мен зейінділікті, шыдамдылықты дамыта алады. Бала әр түрлі түстерді үйлесімді түрде араластыруды үйренеді, ұсақ моторикасын дамытады, бұл оның ойлауына, есте сақтау қабілетіне оң әсер етеді. 

- Шығармашылық - балаларға әлемді тануға, өзін-өзі тануға, стресс пен қорқыныш секілді жағымсыз эмоциялардан арылуға көмектесетін тамаша терапия түрі. Біздің кездесулерімізде балалар эксперимент жасай алады, жаңа достар табады, сол арқылы жаңа ортаға бейімделуі де жақсарады. Шығармашылық сағаты туралы ақпарат жобамыздың @teniz_juregi парақшасында жарияланады. Кез-келген ата-ана баласын шараларымызға тіркей алады, - деді жоба координаторы Гаухар Науарова.

Биылдан бастап «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асып жатқан «Теңіз жүрегі» жобасының аясында балаларға айына 4-6 рет түрлі тақырыпта шеберлік сағаттар өткізілуде. Осы уақытқа дейін сурет салу, аппликация жасау, арт-терапия, қолданбалы өнер, пластилинмен жұмыс секілді бағыттарда 28 шығармашылық сағаты өтіп, оған 300-ге жуық бала қатысқан.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қосшағыл интернаты #мастер-класс
Объявления
live comments feed...