• Главная
  • Атырау облысында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті
20:00, 14 октября 2023 г.

Атырау облысында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай І дәрежелі «Айбын» орденінің иегері  - Асқар Забикулинді еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында, өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Аталған сайысқа 15 командада барлығы 78 қызметкер қатысты.

Іс-шараны Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмаганбетов ашып, қызметкерлерге сәттілік пен жоғары спорттық көрсеткіштер көрсетулерін тіледі. 

Жарыс үш кезең бойынша яғни, «Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілу», «Кедергілері бар 100 метр жолақтан өту», «Жауынгерлік қанат жаю» кезеңдері бойынша өтті.  

Жарыс қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасы үздік көрсеткіштер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды – №14 өрт сөндіру бөлімі командасы, үшінші орынды – №5 өрт сөндіру бөлімі  командасы иеленді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жарыстар #Өрт-құтқару спорты
Объявления
live comments feed...