• Главная
  • Атырауда бокстан халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті
10:00, 14 октября 2023 г.

Атырауда бокстан халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырауда бокстан 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Атырау қаласының күніне орай «Модернстрой-Атырау» мекемесінің жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Салтанатты шараға Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, Атырау облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Атырау Бокс федерациясының атқарушы директоры Батырхан Қалықов, «Модернстрой-Атырау» мекемесінің басшысы, кәсіпкер Идирис Гаджибеков қатысты. 

- Бұл додаға Қазақстаннан өзге, Ресей, Өзбекстан және Қырғыстаннан келген спортышалар да бақ сынауда. Турнир Модерн строй компанияларының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Сондықтан, ұйымдастырушыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Мұндай сайыстар салауатты өмір салтына серпін берері сөзсіз,- деді Б.Қалықов.  

Айта кетейік, 15 қазанға дейін өтетін жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден өзге, еліміздің Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарынан барлығы 17 команда, 150-ден астам спортшы қатысуда. Оның ішінде Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп интернаты мен «Модернстрой-Атырау» құрама командалары да бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #турнир #бокс
Объявления
live comments feed...