• Главная
  • «Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне басшы тағайындалды
20:00, 13 октября 2023 г.

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне басшы тағайындалды

фото: Региональная служба коммуникаций

фото: Региональная служба коммуникаций

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен  «Атырау–Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы лауазымына Нұрболат Елеусінов тағайындалды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жаңа басшыны ұжымға Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы  таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.  

Нұрболат Елеусінов 2013 жылы  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «журналистика» факультетін тәмәмдаған. 

Еңбек жолы:

2013 - 2017 жылдар аралығында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы; 

2017 - 2022 жылдар аралығында Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы;

2022 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кету керек, бұған дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшысы болған Жасын Біркенов өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Атырау-Ақпарат"
Объявления
live comments feed...