16:00, 13 октября 2023 г.
«Миялы-Тайсойған» бағытындағы жол құрылысының жұмыстары басталды
фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құрылысқа тапсырыс беруші Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал мердігер мекеме «Ассана дор строй» ЖШС. Бүгінде жолды тегістеу жұмыстары басталған.
-«Жол азабын тартқан білер» демекші, Тайсойған ауылы тұрғындарының басты мәселесіне айналған «Миялы-Тайсойған» автомобиль жолының құрылысы Миялы бағытынан бастау алды. Ұзындығы 45,8 шақырымды құрайтын тас жол IV санатты болады,- деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Кенжебек Камаладенов.
Айта кету керек, жоспарға сәйкес аталған жол 2024 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
12:31, 2 декабря
53
live comments feed...