15:00, 12 октября 2023 г.
«Қарақұдық-1» қорғанына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде құйма алтыннан жасалған әшекей-бұйымдар табылды
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Биыл тамыз айында Қызылқоға ауданы Қарабау ауылындағы «Қарақұдық-1», «Қарақұдық-2» қорғандарына қазба жұмыстары жүргізілді. Археологтардың жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде шашылған адам сүйектері мен қабір анықталды. Қорғанның айналасындағы кейбір қабірлерден құйма алтыннан жасалған түрлі әшекей-бұйымдар табылды. Бұл туралы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Кипиев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған екі қорғаннан да алтын, әшекей-бұйымдардан бөлек, қазандар шыққан. Сондай-ақ бірінші қорғаннан 2 қабір анықталса, екінші қорғаннан 3 жерлеу орны анықталды. Сонымен қатар табылған бұйымдар арасында керамикалық ыдыстар, қанжар және жебе ұштары, қасық пен айна секілді әр түрлі заттар да кездеседі.
- Жалпы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі облыстағы археологиялық жұмыстармен айналысып келе жатқан бірден бір мекеме. Музей биыл наурыз айында жаңа лицензияға ие болды. Әдетте сонау замандардан бері келе жатқан қорғандардың бәрі ойыс әрі алтын іздеушілер мен тайпалардың әсерінен тоналған болып келеді. Сол сияқты біз күткендей «Қарақұдық-1» қорғанының үстінде де ойыс болды. Археологтардың қазба жұмыстары кезінде қорғаннан шашылған бас-сүйектер мен алтын әшекейлер табылды. Мұның өзі ғылым үшін, жалпы музей үшін үлкен маңызы бар жаңалықтардың бірі. Сондай-ақ табылған адамның бас сүйектері бүгінгі күнге дейін жеткенімен, сақталуы өте нашар. Бұлардың барлығы алдын ала зерттеу жұмыстарына қарағанда, біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырды қамтиды. Археолог ғалымдардың айтуынша, бұл жердегі басты ерекшелік - қорғаннан табылған бұйымдардың нағыз құйма алтыннан жасалғандығы, - деді М.Кипиев.
Сондай-ақ ол, келер жылы ұлттық құрылтай Атырау облысының ең көне, тарихи қаласы - Сарайшықта өтетінін атап өтті.
Айта кетейік, Сарайшықтың бір екешелігі - 2019 жылдан бастап ондағы музей-қорық облыстық Мәдениет министрлігіне қарайды. Яғни, Сарайшықтың зерттеу жұмысына тек қана облыс емес, республика көлемінде мән беріледі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
12:31, 2 декабря
53
live comments feed...