20:00, 10 октября 2023 г.
Жылыой ауданына қарасты бес ауылдық округте жол салу жұмыстары басталды
фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Қосшағыл және Тұрғызба ауылдарына ауылішілік жол салына бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шоқпартоғай, Майкөмген, Тұрғызба ауылдарына 3,4, Ақкиізтоғайға 3,8, Қосшағыл ауылына 2,4 шақырым жол салына бастады. Ауылдардағы жол салу жұмыстарымен айналысатын мердігер мекемелер - «Армандастар Атырау» ЖШС және «Казкомсервис» ЖШС.
-Ауылішілік жол салу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталды, 2024 жылдың жаз айларында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда жері тегістеліп, құм қиыршық тас (ПГС) қоспасы толықтай төселді. Енді қиыршақ тас (щебень) төсеу жұмыстары басталуда,- деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Бекет Бозжігітов.
Оның айтуынша, бұған дейін Қосшағыл ауылында 9,5 шақырым, Ақкиізтоғайда 700 метр, Тұрғызбада 7 шақырым, Шоқпартоғай ауылында 10,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік аталған ауылдық округтерде 13 мыңнан астам тұрғын бар.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:24
Вчера
18:06
Вчера
15:40
Вчера
live comments feed...