• Главная
  • БАҚ өкілдері арасында өткен «Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі» туралы байқаудың үздік жарияланымдары анықталды
14:00, 10 октября 2023 г.

БАҚ өкілдері арасында өткен «Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі» туралы байқаудың үздік жарияланымдары анықталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бүгін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасында «Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі» туралы байқау қорытындыланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шарада «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Дархан Сайлауов байқауға қатысқан медиа мамандарына алғыс білдіре отырып, үздік жарияланымдар иесін марапаттады,

- Журналистер мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес.  Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Тіл байлықтарыңыз және жазу қабілеттеріңіз арқылы тұрғындарға әр тақырыпта үздіксіз ақпарат таратып келесіздер. Сіздерге алғысым шексіз. Шығармашылығыңыз сарқылмай, қаламыңыз мұқалмасын, - деді Д.Сайлауов.

Қатысушылар «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік мақала», «Ақпараттық сайттағы үздік жарияланым» номинацияларымен  марапатталды. Сондай-ақ филиал жұмысын БАҚ-та ақпараттандыруға үлес қосып жүрген бірқатар маманға директордың арнайы сыйлығы табыс етілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #конкурс #журналистер
Объявления
live comments feed...