
12:00, 8 октября 2023 г.
Атырауда балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырау қаласының күніне орай, қала әкімдігінің қолдауымен Отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленуші балаларға арналған «Біз бақытты баламыз» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімнің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Бұл дүниеде баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау - мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Бүгін арнайы сіздер үшін қала әкімі Шәкір Кейкін мырзаның атынан сіздерге жақсы көңіл сыйлап, осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Қала күні құтты болсын! Атырауымыз гүлденіп, көркейе берсін!- деді Н. Ермұханов.
Шарада атыраулық жас таланттар өнер көрсетіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:00
11 сентября
11:07
10 сентября
10:43
10 сентября
16:14
8 сентября
10:38
8 сентября
Объявления
11:32, 10 сентября