• Главная
  • Биыл облысымыз Әлем Чемпионатында алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 алтынға артық нәтиже көрсетті
10:00, 8 октября 2023 г.

Биыл облысымыз Әлем Чемпионатында алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 алтынға артық нәтиже көрсетті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Өңіріміздің спортшылары былтыр Әлем Чемпионаттарында 4 алтын, 1 күміс, 6 қола иеленсе, биыл 8 алтын, 9 күміс, 10 қола алып, 4 алтынға артық нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры Данияр Юсупов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі 2021 жылдың 27 тамызда ашылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап келеді. Мектепте 17 спорт түрі тіркелген. Олар, Кикбоксинг, Каратэ WKF, Джиу-джитсу, Белбеу күресі, Панкратион, Грэпплинг, Каратэ шинкиокушункай, Қоян-қолтық ұрыс, Каратэ кикушинкай-кан, Жауынгерлік самбо, Самбо, Аралас жауынгерлік жекпе-жек ММА, Пенчак-Силат,  Муай Тай, Қазақ күресі, Номад ММА, Таеквондо, ГТФ.

Бүгінгі таңда мекемемізде 22 жаттықтырушы қызмет атқарып, 206 спортшы спортпен тұрақты және кәсіби түрде шұғылдануда. Қазір де мектебіміздегі спортшылар бірқатар нәтиже көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатып жүр. Атап айтар болсақ,  облысымыз үшін үлкен мақтаныш, мектеп тарихында алғаш рет кикбоксинг спортынан Назарбеков Жандос ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Сондай-ақ 19 спортшы ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 49 спортшы ҚР Спорт шебері атанды. Оған қоса 137 спортшы ҚР Спорт шеберіне үміткер атағын орындап отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда алға жылжу байқалады. Мектебіміздің спортшылары Әлемдік және халықаралық жарыстармен қатар ҚР Чемпионатында да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді, - деді Д.Юсупов.

Сондай-ақ ол, алдағы уақытта Каратэ ВКФ, қазақ күресі, Пенчак силат және самбо мен Каратэ киокушинкай-каннан қазан, қараша, желтоқсан айларында ересектер мен жастар арасында Әлем чемпионаттары өтетінін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Әлем Чемпионаты
Объявления
live comments feed...