• Главная
  • Атырауда халықаралық ақындар айтысы басталды
13:00, 5 октября 2023 г.

Атырауда халықаралық ақындар айтысы басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Атырау облысы әкімдігі, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және облыстық Ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының қолдауымен, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Ерлігі ерен ер бабам!» атты халықаралық ақындар айтысы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Еліміздің облыстары мен көрші қырғыз елінен келген 14 ақын жеребе бойынша жыр додасына түспек. Қазылар алқасының төрағасы - Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев тәуелсіз сарапшы ретінде қазылар алқасы құрамына қосылды. Аламан айтыстың шымылдығын облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы Әбіл Жоламанов ашты.  

- Ер бабамыз Бейбарыстың 800 жылдығына арналған апталық іс-шаралар тізіміндегі ең дүбірлісі осы айтыс болатын. Мықты ақындар бабамыздың ерен ерлігін жырға қоспақ. «Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» дегендей, ақындарға сәттілік тілеймін!,- деді Ә.Жоламанов. 

Айта кетейік, дүбірлі жыр додасы екі күнге созылмақ. Айтыс ертең қорытындалып, жеңімпаз анықталады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #айтыс ақындар
Объявления
live comments feed...