• Главная
  • Индербор кентінде үш спорт алаңы қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі
11:00, 5 октября 2023 г.

Индербор кентінде үш спорт алаңы қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі

фото: Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Индербор кентінің үш жерінен, атап айтсақ орталық мешіттің маңындағы М.Горький көшесі, Шығыс мөлтек ауданы Р.Қошқарбаев көшесі және Болашақ мөлтек ауданы Мүсірепов көшесі бойынан жаңадан спорт алаңының құрылыс жұмыстары жүруде. 

-Шілде айында басталған құрылыс жұмыстары аяқтала келді, нысанды қабылдау жүргізілуде. Мердігер мекеме «ЖайықСити» ЖШС. Алаңдар шағын футбол, балалар ойын алаңымен және Street Workout құрылғыларымен жабдықталған. Әрбір алаңның көлемі 1376 шаршы метр. 

Осы аталған жобаларымыз іске асқан жағдайда Индербор кентінің барлық мөлтек аудандарының өз спорт алаңдары пайда болып, жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік туады,- деді аудандық құрылыс   бөлімінің басшысы Алтынбек Габдуллин. 

Айта кетейік, Индер ауданында 32830 халық болса, Индербор кентінде 15968 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Индербор #спорт алаңдары
Объявления
live comments feed...