• Главная
  • Атырауда Халықаралық қарттар күніне арналған «Жанымның жылуы» атты ардагер суретшілермен кездесу өтті
14:00, 4 октября 2023 г.

Атырауда Халықаралық қарттар күніне арналған «Жанымның жылуы» атты ардагер суретшілермен кездесу өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Кезлесу қылқалам шеберлерінің өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу, сондай-ақ өнер музейінің қорындағы суретшілердің туындыларын назарларға ұсынумен ерекшеленді.

Іс-шарада «Дала барысы - Мысырдың Бейбарысы» атты суретшілердің республикалық симпозиумының қатысушысы, Алматы қаласынан келген ардагер суретші Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет төс белгісінің иегері Жұмақын Қайрамбаев кездесудің басты мейманы болды. 

Мұнда суретшілер өздерінің шығармашылығы жайында, бейнелеу өнері жөнінде, жанына жақын тақырыптар туралы, шәкірттерді үйретуде не нәрсеге көңіл бөлетіндері жайлы ойларымен бөлісті. 

«Жанымның жылуы» тақырыбындағы көрмеге музей қорынан С.Маханбетовтың «Отбасы», «Жас отбасы», Ә.Баяндиннің «Отбасы», «Жас отбасы», Қ.Амановтың «Ымырт», Е.Невежиннің «Өткенді еске алу», Т.Халинның «Біздің шарбақ», Ж.Аралбаевтың «Дала дидары», «Нарын құмда», Е.Даукеновтың «Отаның тыныш - сен тыныш» секілді туындылар қойылды. 

Айта кетейік, іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» мамандығының студенттері және  Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, арадагер суретшілерге мамандықтары бойынша өздерін толғандырған сауаларын қойып, пікір алмасты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ардагер суретшілер
Объявления
live comments feed...