
10:10, 3 октября
Азия ойындарының жүлдегерлері мектеп оқушыларымен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бүгін Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінде, Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының жүлдегерлері Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюлова мектеп оқушыларымен кездесті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Іс-шара жүлдегер жерлестеріміздің жетістігін насихаттап, жастардың өнегелі үлгі алады деген мақсатпен ерекшеленіп отыр. Қос спортшы сөз алдын өмірдегі кез-келген жетістік - еңбектің арқасы екендігінен бастады.
Спорт немесе білім саласындағы жетістік, ерен еңбекті талап етеді. Оқуда үздік болыңыздар. Ата-ананың үмітін ақтай отырып, ауыр жауапкершілік арқалай біліңіздер. Жеңістің дәмін сүрінуден, құлаудан, қайта тұрудан кейін тата аласыздар. Ешқашан мойымаңыздар!- деді Ә.Әбужақынова.
Кейін, оқушылар қос жүлдегерге сұрақ қойып, жалынды жауаптарын естіді. Естелік фотосуретке түсіп, жеңімпаздардан қол таңба алды.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова - қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатында топ жарған дзюдошы. ХІХ жазғы Азия ойындарының күміс медаль иегері. Ал, Эсмигуль Куюлова - ХІХ жазғы Азия ойындарының дзюдодан қола жүлдегері.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:00
8 декабря
18:00
8 декабря
17:00
8 декабря
16:00
8 декабря
Цены в Яндекс Такси в Атырау за год снизились на 2% из-за инвестиций
Новости компаний
14:40
8 декабря
Объявления
09:35, 4 декабря
12
15:00, 5 декабря
11:55, 4 декабря
53
11:55, 4 декабря
15
live comments feed...