16:00, 2 октября 2023 г.
Биыл заңсыз айналымнан 745 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет меншігіне қайтарылды
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Аталған көрсеткіш Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған рейдтік іс-шарада анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті жағалау күзеті дивизионның Электромеханикалық бөлімі бастығының міндетті уақытша атқарушы Гамзат Байбосынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің шекарашылары 85 браконьерлік аулау дерегін анықтаған. Іс-шара барысында 35 мыңға жуық балық табиғи мекендеу ортасына қайта жіберілді.
Сондай-ақ қыркүйектің 27-сі күні ҰҚК Шекара кызметінің құрамындағы жағалау күзеті дивизионынын «Досан батыр» шекара катері жалпы ұзындығы 1750 шақырымнан асатын браконьерлік аулау құралдарын тәркіледі.
- Тосқауыл барысында 760 кг бекіре тұқымдас балық, 2550 кг қара балык табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Ал мемлекет меншігіне кері қайтарылған сомма 273 млн 639 мың 750 тенгені құрайды, - деді Г.Байбосынов.
Айта кетейік, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 745 млн 221 мың 905 теңге мемлекет меншігіне қайтарылып отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:44, 26 ноября
12
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...