18:00, 29 сентября 2023 г.
Атырауда «Өңір ономастикасы» атты облыстық байқау өз мәресіне жетті
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Н.Жантөрин атындағы филармонияда Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен, «Өңір ономастикасы» атты облыстық байқауы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Іс-шара жергілікті атқарушы органдардағы тіл саясатымен айналысатын бөлімдердегі ономастика саласындағы жұмыстарды күшейту, жетілдіру және дамыту мақсатымен ерекшеленеді.
Байқауға облыстың жергілікті атқарушы органдарда қызмет істейтін мамандардан құралған 7 команда қатысты. Өңірге белгілі өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев қазылар алқасында төрағалық етті.
Байқаудың бірінші кезеңінде әр команда өздерін таныстырып, қалалық, аудандық бөлімдердің ономастика саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, нақты ақпарат берді. Екінші кезең тарихи-географиялық бағытқа арналды. ЛЭД экраннан өңірдегі, еліміздегі танымал жерлердің, физикалық-географиялық объектілердің суреттері көрсетілді. Команда өзара ақылдасып, суретте көрсетілген жердің, физикалық-географиялық объектінің атауын, қай өңірде орналасқанын, қысқаша тарихын айтып жарысты. Шешуші кезеңде командаларға ономастика саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерден үзінділер ұсынылды. Қатысушылар олардың қай нормативтік-құқықтық актілерден үзінді келтірілгенін, бабын, тармағын тауып көрді.
Үш кезеңнен тұратын байқауды қорыта келе, қазылар алқасының шешімімен «Махамбет» құрамасы топ жарды. Жүлделі 2-орын «Қызылқоға» құрамасына бұйырса, «Дендер» құрамасы мен «Исатай» командасы 3-орынды иеленді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
live comments feed...