16:00, 29 сентября 2023 г.
Атырауда ерекше балаларға арналған алғашқы түзету кабинеті ашылды
фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі
Н.Балғымбаев атындағы №42 орта мектеп ғимаратында бір мезгілде даму ерекшеліктері бар 150 балаға көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар шараға «Дара» қорының және «EastTradeSolutions» ЖШС өкілдері, ұстаздар, балалар және ата-аналар қатысты.
Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов қалада алғаш ашылған кабинет ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуға септігін тигізеді деп сенім білдірді.
- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жергілікті атқарушы органдардың басшыларына балаларға сапалы білім мен тәрбие беруге толық жағдай жасауды тапсырды. Бүгінгі ашылған кабинет - соның айғағы. Балалардың күлкісі - өте қымбат дүние. Ерекше балаларға ерекше жағдай жасауымыз керек. Олар қоғаммен бірге ортада өсуі керек. Мағжан Жұмабаев: "Тәрбие деген баланы тәрбиешіге ұқсатып бағу емес, ол баланы өз заманына сай тәрбиелеу",-деді. Түзету кабинетінің де мақсаты сол. Жаңа балалар ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын айтып, алдымыздан күтіп алды. Олардың осындай бойға біткен қабілеті ашылғанына бәріміз де қуанып тұрмыз. Қымбатты ата-аналар, балаңызды қатарынан қалдырмай, бірге дамуына үлес қосып жүрсіз. Ал ұстаздар, сіздер үлкен сауапты істің басында жүрсіздер. Берекелі болсын! Осы сәтті пайдалана отырып, мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, балаларға осындай кабинет ашқан «Дара» қайырымдылық қорының және демеуші «East Tarde Solutions» компаниясының өкілдеріне ерекше алғысымды білдіремін,-деді С.Шәпкенов.
Кейін аймақ басшысы «East Tarde Solutions» ЖШС өкілі Рахат Дәрмешке, «Дара» қорының басшысы Гүлнар Досаеваға Алғыс хат табыс етті.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) - даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерге дефектолог, психолог, логопед, адаптивті дене шынықтыру нұсқаушысы және басқа да мамандардың кәсіби қолдауын ұсынатын, кешенді көмек көрсететін орталық. Мұнда 16 педагог тегін жұмыс істейді.
Кабинет адаптивті дене шынықтырумен айналысуға арналған кешендермен, Монтессори бөлмесімен, сенсорика, ритмика, оқу кабинеттерімен, баламалы коммуникация құралдарымен, дидактикалық және әдістемелік материалдармен, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау элементтері бар ойын бөлмесімен жарақталған.
Анықтама үшін: Атырау қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының деректері бойынша қазіргі уақытта Атырау қаласында осы қызметтерге 2780 бала, оның ішінде мүгедектігі бар 647 бала мұқтаж.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:31, 2 декабря
53
22:21, 23 ноября
12:31, 2 декабря
10:44, 26 ноября
12
live comments feed...