18:00, 28 сентября 2023 г.
Мақат ауданында Байбақты атаның 200 жылдығы тойланады
фото: Мақат аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өз заманының батыры, әулие Байбақты Қармысұлының мерейтойы Доссор кентінен солтүстіккке қарай орналасқан Тасқұдық деген жердегі өзі жатқан зиратының басында атап өтілмек. Іс-шара 29-қыркүйекке жоспарланған. Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Рухани-мәдени іс-шара алдымен Доссор кентінің іргесіндегі Байбақты ата ескерткішінің ашылуымен басталады. Кейін құрметті қонақтар мен тұрғындар зират басына қарай барады деп күтілуде.
- Ол жерде баба рухына құран бағышталып, әрі қарай мәдени-спорттық шараларға кезек беріледі. Мәдени іс-шарада ақындар «Ерлігі елге еленген - Байбақты ата» атты ақындар мүшәйрасында сынға түседі. Ал спорттық сайыстар кір тасын көтеру, қол күресі, қой көтеру, ләңгі тебу бойынша өтеді. Жүлдегерлердің барлығы ұйымдастырушылар атынан ақшалай сыйлыққа ие болмақ. Сонымен қатар ұлттық киім киіп келген қонақтардың арасынан да үздіктері таңдалып, оларға да қаржылай жүлде қарастырылған. Бағдарлама соңы қонақтарға арналған ас беруге ұласады,- деді ұйымдастыру алқасының төрағасы Дүйсенбай Кариев.
Айта кетейік, Байбақты Қармысұлы 1823-1914 жылдары Жем өзенінің төменгі сағасы Айранкөл, Шатпакөл деген жерлерде ғұмыр кешкен. 1853-1860 жылдары Маңғыстау, Үстірт, Жем, Елек бойы қазақтарының патшаға қарсы көтерілісінде ерекше белсенділік көрсеткен. Өмірінің соңғы кезеңінде молдалық жолға түсіп, тақуалықпен өткізген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:44, 26 ноября
12
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...