• Главная
  • Атырауда «Күй атасы – Құрманғазы» атты ашық қалалық күйшілер сайысы өтті
16:00, 28 сентября 2023 г.

Атырауда «Күй атасы – Құрманғазы» атты ашық қалалық күйшілер сайысы өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Жұмыскер мәдениет үйінде дауылпаз күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй атасы – Құрманғазы» атты ашық қалалық күйшілер сайысы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сайыс Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттауымен ерекшеленеді. Ұлы күйшінің мұрасы - ұлтымыздың рухани байлығы, күй сазының алтын қазығы. Сондықтан күмбірлеген күй өнерінің сиқырлы үнін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіре отырып, дарынды жастарымызды халыққа таныту – іс-шараның негізгі мақсаты.  

Іс-шарада Құрманғазы мәдениет сарайының директоры Максот Торпақов тілек білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Қазақ даласына қарасақ, ең бірінші күй атасы Құрманғазы есімізге түседі. Қазақ ұлтының бай мұрасын «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырған Құрманғазы Сағырбайұлының есімін білмейтін жан жоқтың қасы. Ұлтының бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен күй атасы халқының тәуелсіздікке жетуін армандап кеткен тұлға. Бүгінгі қатысып отқан қатысушыларға сәттілік, және үлкен жетістерге жетуге тілектеспін,- деді М.Торпақов. 

Сайысқа 16 мен 35 жас аралығындағы өнерпаздар қатынасты. Шарт бойынша Құрманғазының «Төремұрат» күйі міндетті орындады. Сондай-ақ талапқа сай «Терісқақпай», «Қайран шешем», «Ақбай», «Ілме», «Қапы» күйлері билет суыру арқылы таңдалды. Оған қоса, өз қалауынша Динаның бір күйі орындалды. Бақ сынауға Атырау қаласы, Береке ауылы, Атырау ауылдық округі, Мақат, Исатай аудандарынан 9 үміткер қатысты.  

Ал қатысушылардың орындау шеберлігін бағалап, сарапқа салатын қазылар алқасының құрамында ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Клара Жолдасова, ҚР Мәдениет қайраткері Шарипа Жәменова, «Шабыт» және ҚР Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Жәнібек Жәмиев болды. 

Сайыс қорытындысы бойынша, атыраулықтар Жаннұр Қуаныш 1-орын, Дәулет Қайыржан 2-орын, Темірғали Оразов пен Алидан Жаденов 3-орынды иеленді. Сондай-ақ исатайлық Жанарыс Оспанов арнайы дипломмен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #күйші байқауы #"Куй атаман-Курмангазы"
Объявления
live comments feed...