12:00, 28 сентября 2023 г.
Өңірде 1-қазанға дейін 2022 жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады
фото: Аймақтық байланыс қызметі
1-қазанға дейін жеке тұлғалар 2022 жылға мүлік салығын төлеуі қажет. Салық кодексінің 526-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Мирамбек Шманов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Жалпы салық кодексінің 128-бабына сәйкес берешекті 1-қазаннан кейін төлемеген жеке тұлғаларға «Жеке тұлғалардың салық берешегі» туралы хабарлама жолданатын болады. Салық төлеуші хабарламаны алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде, яғни, 1 айда орындауы тиіс. Егер орындамаған жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде «Жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу» туралы салық бұйрығы шығарылады. Оған қоса мәжбүрлеп өндіріп алу үшін аймақтық жеке сот орындаушыларына жолданатын болады. Сәйкесінше жеке сот орындаушылардың қызметі үшін берешек сомадан пайыздық мөлшерде ақы төленеді. Ал жеке сот орындаушыға жолданбай, сол бойда берешек соманы төлеп тастаса, онда жеке сот орындаушының ақысы төленбейді. Жеке сот орындаушының қызметі берешек соманың көлеміне қарай 3-25% аралығын қамтиды. Одан бөлек уақытында төлемеген жеке тұлғалардың тізімі сайтта берешектер тізіміне енгізілетін болады, - деді М.Шманов.
Сондай-ақ ол, биыл 1-қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салықты төлеу мерзімі 2-қазанға дейін ұзартылғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаларға осы жылы 2022 жылғы мүлік салығын уақытынан кешіктірмей төлеу қажет. Егер де мүлік салығына қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, Мемлекеттік кірістер басқармасына келуге немесе 1414-3 Call центрге хабарласуға мүмкіндік бар.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
22:21, 23 ноября
10:44, 26 ноября
12
live comments feed...