• Главная
  • Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 500 грамм сәби дүниеге келді
10:00, 27 сентября 2023 г.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 500 грамм сәби дүниеге келді

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Жас ана Анаргүлдің тұңғышы осыдан бес ай бұрын облыстық перинаталдық орталықта салмағы – 503 грамм, бойы – 28 см болып дүниеге келген, қазіргі жағдайы қалыпты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 Өмірге келгеннен бүгінге дейін сәбиге барлық қарқынды ем-шаралар  көрсетілді. Постконцептуалды жасына байланысты 13 қыркүйек күні әрі қарай емін жалғастыру үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. 

Қазіргі уақытта сәбидің салмағы – 2 келі 500 граммға жетті. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қалыпты. Алайда, шала туылғандықтан  оттегіге тәуелді, сол себепті әлі де СРАР (түтікшесіз  кислород беру) аппаратына қосылған.

-Әзірге СРАР аппаратынан ажырату мүмкін емес, өйткені алғаш туылғанда өкпесі өте кішкентай болған. Сол себепті оның оңалып, қалыпқа келуі үшін кішкене уақыт керек. Әрі қарай облыстық балалар ауруханасынан қарқынды ем-шараларды қабылдайтын болады,- деді перинаталдық орталықтың нәрестелерді жансақтау және қарқынды емдеу бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Абекеева. 

Сәбидің анасы Анаргүл 35 жаста. Айтуынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасымен жас ана мемлекеттен тегін квота алу арқылы ЭЖҰ-мен (ЭКО) босанған.

-Осы уақытқа дейін біздің отбасыда басты арман – сәби сүю болды. Сол үшін бірнеше рет ЭЖҰ жүйесіне, жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгінген болатынбыз. Осымен бесінші рет ЭЖҰ жасатқан едік. Жүктілігім сәтті болып, енді сәби күтіп жүргенде 22 аптада ауырып, осы орталыққа келдім. Дәрігерлердің бақылауында болып, 22 аптада табиғи жолмен босандым. Бірінші Алла, екіншіден ақхалатты жандар орталық директоры Қазбек Айжарықұлы бастаған ұжымның қызметкерлеріне риза болдым. Олардың кәсіби шеберліктеріне таңданысымды білдіріп тек басымды иемін, - деді жас ана.

Жас ананың ендігі арманы – сәбиінің тыныс алу аппаратынан ажырап, өз еркімен дем алғанын көру. Ол үшін облыстық балалар аурханасының  дәрігерлерінің шеберліктеріне сенім артып, баласының сап-сау болып шығатынына сенім артып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бала
Объявления
live comments feed...