
18:00, 25 сентября 2023 г.
Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында көрме – жәрменке өтті

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында жылыойлық қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрмеге жылыойлық қолөнер шеберлері дайындаған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері және жылыойлық ақын-жазушылардың кітаптары қойылды.
Сондай-ақ жылыойық кәсіпкерлердің өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған «Жылыой жәрмеңкесі» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ауданның 20-ға жуық кәсіпкерінің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көрме-жәрмеңкені тамашалауға келген тұрғындарға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Көрме мен жәрмеңкеге өз туындыларын, өнімдерін ұсынған барлық қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілерге және аудан кәсіпкерлеріне зор алғысымызды білдіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:43
Вчера
Объявления
09:46, 9 декабря
12
14:53, 9 декабря
15
14:53, 9 декабря
53
16:39, 26 ноября