• Главная
  • Азия ойындарына қатысатын ең жас спортшы - атыраулық
12:00, 25 сентября 2023 г.

Азия ойындарына қатысатын ең жас спортшы - атыраулық

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын  атыраулық спортшылардың тізімдері жариялануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі хабарлайды.

Аспан асты елінде өтетін дүбірлі додада таеквондодан ел намысын қос аруымыз қорғамақ. Олардың бірі құрамадағы ең жас спортшы Мария Севостьянова. Ол бар болғаны 17 жаста. Жас спортшы осы уақытқа дейін жастар арасындағы Азия чемпионатының, Словения Open, Turkish Open додаларында жүлдегер, таеквондодан ҚР Кубогі додасында чемпион атанып үлгерген. 

Сонымен қатар, таеквондодан ҚР Кубогі чемпионы жерлесіміз Нұрай Хұсайнова Азия ойындарына жолдама алды. Ол Словения Open додасының жүлдегері, 2023 жылғы «Франция оупен G1» сайысының чемпионы. 

Айта кетейік, су добынан Қазақстан құрамасында жерлесіміз Егор Белоусов ел намысын қорғамақ. Егор құрама сапында қорғаушы позициясында ойын көрсетпек. Атырау қаласының тумасы су добымен 7 жасынан бастап айналысып келеді. Е.Белоусовтың қоржынында Азия чемпионатының 3 орын, Қазақстан чемпионатының 2 орын жүлдесі бар.

Ескерте кетейік, Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Азия ойындары
Объявления
live comments feed...