
16:00, 23 сентября 2023 г.
Жылыой ауданында батыс аймақтық жастар фестивалі өтуде

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданында батыс аймақтық «Biz Jastar» жастар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауданның 95 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан фестивальға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан 500-ден астам жас қатысуда.
-Фестиваль аясында «Үздік IT жоба», «Jylyoi cup» Жылыой ауданы әкімінің кубогы, «Би алаңы» би өнері, «Құлсары ажары» атты мобилография байқауы өтуде. Байқау жеңімпаздары фестивальді қорытындылауға арналған гала концертте марапатталады.
Ал бүгін «Үздік IT жоба» мен «Jylyoi cup» Жылыой ауданы әкімінің кубогы байқаулары болып өтті. Үздік IT жобаға 7 үміткер қатысып, І орынды жылыойлық Қуаныш Шалабаев, ІІ орынды атыраулық Эльдар Курмашев және ІІІ орынды жылыойлық Бейбарыс Бекешов алды.
Әзілқойлар сайысына 10 команда қатысып, Ақтөбе облысынан келген «Академия балмұздақтары» бірінші, «Жылыой құрамасы» екінші, ақтаулық «Фараби» командасы үшінші орынды иеленді,- деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Амандық.
Айта кету керек бүгін аудандық мәдениет үйінде би өнерінен «Би алаңы» байқауы өтеді. Іс-шарада заманауи биші Саша Ли шеберлік сағатын өткізбек. Сондай-ақ, кешкісін орталық стадионның автотұрағында гала концерт өтеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
09:15
30 сентября
Тимур Турлов пообещал выделять $1 млн в год на шахматы в школах
Новости компаний
17:45
29 сентября
17:55
28 сентября
15:16
28 сентября
Объявления
00:00, Вчера
05:50, Вчера
11:29, 18 сентября
53
09:50, 1 августа