• Главная
  • Облыс әкімінің орынбасары София Әлібаеваны 70 жасымен құттықтады
14:00, 23 сентября 2023 г.

Облыс әкімінің орынбасары София Әлібаеваны 70 жасымен құттықтады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев білім беру саласының ардагері, «Құрмет» орденінің, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің және «Халық мұғалімі» медалінің иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы София Әлібаеваны қабылдады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Кездесуде Жасұлан Бисембиев ұстаздық жолда ұлағатты еңбек еткен София Әлібаеваны жоталы 70 жасымен құттықтап, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің құттықтау хатын табыс етті.

- Сізді өмір жолын ұстаздықтан бастаған, білікті маман, білім беру жүйесінің дамуына және өңірдің өзге де салаларының жетілуіне зор үлес қосқан, заман талабына сай білікті басшы, қабілетті ұйымдастырушы, кейінгі жастарға жол көрсете білген ақылшы және  еңбек ардагері ретінде жоғары бағалаймыз. Туған күніңізде Сізге ерекше құрмет білдіре отырып, бақытыңыз баянды болсын деп тілеймін. Отбасыңыздан лайымда құт-береке арылмасын!-делінген құттықтау хатта.

Жиында облыстың білім беру саласындағы мәселелер, мектептердің білім беру жүйесі мен сапасы, үлгілі шәкірт тәрбиелеу мәселесі талқыланды. 

Анықтама үшін: София Әлібаева  1976 жылы Ресейдің Тамбов мемлекеттік педагогикалық

институтында орыс тілі пәні мұғалімі мамандығын тәмәмдаған. Атырау қаласында білім беру саласында 30 жылға жуық қызмет етіп, еңбек жолында «ҚР Білім беру ісінің Құрметті кызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен, «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісімен, «Халық мұғалімі» медалімен марапатталған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жасулан Бисембиев #София Алибаева
Объявления
live comments feed...