• Главная
  • Атырау облысы жылыту маусымына 87 пайыз дайын
15:00, 22 сентября 2023 г.

Атырау облысы жылыту маусымына 87 пайыз дайын

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы өңірдің 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы қоғамдық кеңес отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, басқарма басшылары, сала мамандары мен ардагерлері және онлайн түрде аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков баяндама барысында биылғы жылыту маусымына 5,7 млрд. қаражат бөлінгенін, тиісінше облыс жылыту маусымына 87 пайызға дайын атап өтті. 

Қазіргі таңда электр қуатымен жылу өндіруші мекеме «Атырау жылу электр орталығы» АҚ қондырғыларының тозу деңгейі 56 пайызды құрап отыр. 14 жылу агрегатының басым көпшілігі 1960-70 жылдары салынған. Соған сәйкес, жылыту маусымына дайындық барысында 5-ші, 8-ші, 12-ші жылу агрегаттарына жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ қуаттылығы 65 МВт құрайтын нөмірі 13-ші жаңа турбо агрегат осы жылдың 1 қазанына дейін іске қосылады,- деді А.Кенжебеков.

Оның айтуынша, облыс бойынша 423 білім беру нысанының 416-сы жылыту маусымына дайын. Жеті білім беру мекемесіне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 147 денсаулық сақтау мекемесінің 144-і сақадай сай болса, алтауына жөндеу жүргізілуде. Ал облыстағы тұрғын-үй нысандарының жылыту маусымына дайындығы 93 пайызды құрап отыр. Осылайша жалпы алғанда Атырау облысы жылыту маусымына 87 пайыз дайын. 

Сонымен қатар жиында 2023-2024 жылғы жылыту маусымын жақсарту мақсатында ұсыныстар мен тиісті жұмыстар барысы талқыланды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жылыту маусымы
Объявления
live comments feed...