• Главная
  • Бөдене және Өрлік ауылдарының кірме жолдарындағы жарықтандырылу жұмыстары қараша айында аяқталады
12:00, 22 сентября 2023 г.

Бөдене және Өрлік ауылдарының кірме жолдарындағы жарықтандырылу жұмыстары қараша айында аяқталады

фото: Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

-Өрлік ауылындағы кірме жол бойына жарық шамдарының құрылысы «Атырау Эксперт Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 23 млн 136 мың тенгеге жеңімпаз ретінде анықталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүрізуде. Ал Бөдене ауылындағы А.Далабаев көшесінің жарығының тозығы жетуіне байланысты, жарық шамдарын қайта жаңғырту жұмыс жобалау сметалық құжаттары жасақталып, сараптама қорытындысы алынды,- деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Шапағат Ғаббасов. 

Оның айтуынша, Бөдене ауылындағы көше жарығы құрылысына «AtyrauLocalCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 23 млн 783 мың теңгеге жеңімпаз ретінде анықталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, Бөдене ауылында 1600 халық болса, Өрлікте 3118 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Көше жарығы #Боден #Бүркіт
Объявления
live comments feed...