• Главная
  • Атыраулық арулар Азия ойындарына қатысады
10:00, 22 сентября 2023 г.

Атыраулық арулар Азия ойындарына қатысады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды. Тізімде атыраулық қос спортшымыз бар. Олар 48 салмақта Әбиба Абужакынова мен 63 салмақ дәрежесінде Эсмигул Куюлова. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау оңайға түспеген. Себебі, қазіргі таңда құрамада барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары. Ұлттық құрама спортшылары осы жылдың басынан бері қатысқан Гран-при, Grand Slam сынды ірі әлемдік жарыстардағы нәтижесіне қарай іріктеліп алынған.

Еске салайық, Әбиба Абужакынова дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Гран-при, Grand Slam халықаралық жарысының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Ал Эсмигул Куюлова дзюдо күресіннен спорт шебері, ҚР-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, жастар арасында Азия чемпионы, Европа кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #дзюдошылар #Азия ойындары
Объявления
live comments feed...