• Главная
  • Еңбек инспекторларымен жүргізілген бақылау нәтижесінде 229 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды
12:00, 20 сентября 2023 г.

Еңбек инспекторларымен жүргізілген бақылау нәтижесінде 229 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына келіп түскен шағымдарды зерделеу барысында 184 тексеру жұмысы жүргізілді. Оның 45-і шетелдік жұмыс күшін тартатын ірі кәсіпорындарға жатады. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 229 факті анықталып, 81 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Думан Әбеуов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Биыл Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына 1567 өтініш тіркелген болатын. Оның 1417 өтініші қаралып, 864 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды. Заңсыздықтарды жою үшін арнайы 99 ұйғарым енгізіліп, 81 әкімшілік хаттама толтырылды. Басқармаға тікелей жолығу арқылы еңбек инспекторлары 2234 азаматқа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деді Д.Әбеуов.

Баспасөз брифингінде Д.Әбеуов тұрғындарға еңбек шарты туралы ақпарат беріп өтті.

- Еңбек шарты — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Сол еңбек шартының ішінде жұмыскердің құқығы, міндеттері жазылады. Жұмысқа тұрған күннен бастап міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс. Егер еңбек шарты жасалмаған жағдайда жұмыскер өз құқығын қажетті дәрежеде қорғай алмайды. Егер азамат жұмыс барысында қандай да бір еңбек заңнамасын бұзған жағдайларды байқаса, еңбек инспекциясына хабарласуға немесе Атырау қаласы Пушкина 163 мекен-жайында орналасқан еңбек инспекция басқармасына келіп шағымдануға құқылы. Оған қоса үйден шықпай-ақ «e-otinish» мобильді қосымшасы арқылы арыз жіберуге болады, - деді Д.Әбеуов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #еңбек заңнамасы #тексерулер
Объявления
live comments feed...