• Главная
  • Атырауда облыстық «Еңбек жолы» сайысының жеңімпаздары марапатталды
10:00, 20 сентября 2023 г.

Атырауда облыстық «Еңбек жолы» сайысының жеңімпаздары марапатталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов облыстық «Еңбек жолы» сайысының жеңімпаздарын қабылдады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады,-деген еді. Бұл байқау өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және жұмысшы әулеттердің көпжылдық еңбектерін ұлықтауға бағытталған. Сіздердің атқарған қызметіңізге деген адалдығыңыз өскелең ұрпаққа үлгі. Адам қандай қызметпен айналысса да оны сапалы меңгерген дұрыс. Бүгін сіздердің еңбегіңіз еленіп, осындай үлкен белесті бағындырып отырсыздар. Қашанда істеген әр ісіңіз абырой-берекеге толы болсын! - деді С.Шәпкенов. 

«Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары  үш номинация бойынша анықталды. «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша 7 отбасы бақ сынап, нәтижесінде теміржолшылар әулеті Мырзағалиевтер отбасы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар  Қуандық Нәсіпқалиев «Өндірістің үздік жас маманы» аталым бойынша, Гүлнар  Көшкімбаева  «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» жүлдесімен  марапатталды. Жерлестеріміз енді  Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

Айта кетейік, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын қолдау мақсатында 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Еңбек жолы"
Объявления
live comments feed...