• Главная
  • Аймақ басшысы Өрлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
14:00, 19 сентября 2023 г.

Аймақ басшысы Өрлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданы Өрлік ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Жиында Серік Шәпкенов ауылда жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. 

- Ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандардың жай-күйімен таныстым. Өткен ғасырда салынған ғимараттар таза әрі ұқыпты ұсталыпты. Жиынды бастамас бұрын, мәдениет үйі мен балабақша басшылығына алғысымды білдіремін. Өрлік ауылындағы басты мәселе - балабақша салу. Қазір балалар тәрбиеленіп жатқан бөбекжай ғимараты 1981 жылы салынған. 2017 жылы күрделі жөндеуден өтсе де іргесі сөгіліп, қабырғасы жарылған. Сыйымдылығы 40 орындық мекемеге ауыл балаларын қамту үшін орын тапшылығы мәселесі бар. 40 бала мектеп алды даярлық сыныбында болса, 17 сәби кезекте тұр.  Сондай-ақ, округ бойынша балабақшаға сұраныс жоғары екенін аудан әкімі де баяндады. Қазіргі уақытта жаңа 90 орындық балабақша салу үшін жер телімі белгіленіп, қажетті құжаттар жасалып жатыр. Жоба дайын болған соң, жаңа балабақша салу мүмкіндігін қарастырамыз,- деді С. Шәпкенов. 

Кейін Серік Шәпкенов жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Олар ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға аз пайызды несие беру, тұрғын үймен қамту, таза ауыз сумен қамту, көше жарығын жүргізу, тас жол салу мәселесін көтерді.

Тұрғындармен кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке сұрағы бойынша қабылдап, олардың өтініш-пікірін тыңдап, мәселесін сала мамандарымен бірге қарады.

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің Өрлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі Индер ауданы әкімдігінің  Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. 

Анықтама үшін: Өрлік ауылдық округінде 3 118 адам тұрады. Мұнда мектеп, балабақша, спорт кешені, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Аймақ басшысы #Орлик округі
Объявления
live comments feed...