• Главная
  • Қ.Ахмедьяров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі Ресейдің Астрахань облысында өнер көрсетті
12:00, 19 сентября 2023 г.

Қ.Ахмедьяров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі Ресейдің Астрахань облысында өнер көрсетті

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

17 қыркүйек, Ресей Федерациясы Астрахань облысы Астрахань филормониясында қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай өнер көрсеткен атыраулық оркестрдің концертіне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Абаев,  облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, облыстан арнайы барған делегация мүшелері мен ресейлік көрермен қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Концертте оркестр Астрахань тұрғындарына қазақтың әйгілі Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Қаршыға Ахмедьяров, Құрманғазы Сағырбаев сынды күйшілердің танымал күйлерін, Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попури орындады. Сондай-ақ домбырашылар, баяншылар, қобызшылардың орындауында жеке нөмірлер қойылды. 

Айта кету керек, биыл «Нарын» оркестріне - 56 жыл. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, дирижеры ҚР Мәдениет саласының үздігі Ержан Кетаров, оның құрамында 60-тан астам музыкант жұмыс істейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Оркестр Қ. Ахмедьяровтың "Нарын" #музыка
Объявления
live comments feed...