20:00, 18 сентября 2023 г.
Облыс көлемінде «World clean up day 2023» акциясы өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырау облысы бойынша экология департаменті аймақтың атқарушы органдарымен, экобелсенділермен және волонтерлермен бірлесіп, облыс көлемінде 16 қыркүйек күні «World clean up day 2023» акциясын өткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан халқын біріктіру - шараның негізгі ерекшелігі болды. Акция бір уақытта бүкіл өңірде өтті.
- Дәстүрлі іс-шара елімізде жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде ұйымдастырылып отырады. Оған мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері қатысып, табиғи аумақтарды қоқыстан тазартады. Тазалық шарасына қатысушылар Мечников көпірінен С.Бейбарыс көшесі көпірі және Атырау ықшамауданы тұсындағы айналма көпіріне дейінгі аралықты қоқыстардан тазалады. Сондай-ақ тазаланған жерлер арасында Облыстық балалар ауыруханасы тұсынан бастап Жайық жағалауы да бар. Жыл сайын акцияға бүкіл әлем бойынша 180-нен астам ел және 18 млн. ерікті қатысады. Атырау облысы бойынша экологиялық сенбілікке 5 мыңға жуық адам қатысты, - деді Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.
Акция аясында барлығы 151 тонна қоқыс жиналды. Оның ішінде 15 тонна шыны, 89 тонна пластик, 21 тонна резеңке, 23 тонна қағаз, 3 тонна металл бар.
Айта кету керек, жиналған барлық қоқыстар «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберіледі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
live comments feed...