14:00, 18 сентября 2023 г.
Жылыой ауданында Батыс аймақтық ақындар айтысы өтті
фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында, айтыскер ақын Салауат Исахаевты еске алуға арналған «Елі сүйген Салауат» атты Батыс аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сөз шеберлері сайысына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан 12 айтыскер қатысты. Ал қазылар алқасының құрамында ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Бауыржан Халиолла, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Жылыой ауданының құрметті азаматы, ақын Бүркіт Базарбаев, айтыскер ақын Мүтиғолла Ғани, кәсіпкер, руханият пен өнер жанашыры Нұрлан Қайреденов,
«Асыл домбыра» иегері, айтыскер ақын Сырымбек Сәрсембаев болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Жылыой ауданының тумасы Ернұр Салауатұлы бас жүлдені иеленсе, бірінші орын оралдық Бауыржан Ширмеденұлына бұйырды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Нұрбол Жауынбаев алды. Ал үшінші орынды Атырау облысының жас ақыны Бимырза Әбілқайыр және маңғыстаулық Ердаулет Сардар иеленді. Сондай-ақ, Атыраудың айтыскері Амангелді Панабердиев пен Жәнібек Садыров, ақтөбелік Айболат Көшкінбай арнайы жүлдеге ие болды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
22:21, 23 ноября
12:31, 2 декабря
53
live comments feed...