• Главная
  • Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Польшаның Гданьск қаласында өткен «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатында қос медаль иегері Ерасыл Бағытжанды қабылдады
10:00, 15 сентября 2023 г.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Польшаның Гданьск қаласында өткен «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатында қос медаль иегері Ерасыл Бағытжанды қабылдады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Кездесуде Жасұлан Бисембиев Атырау облысының білім саласындағы жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын, қажырлы еңбек жемісті жетістікке әкелетінін айтып, Ерасыл Бағытжанға Алғыс хат табыстады.

- Халықаралық деңгейдегі шарада кәсіби шеберлік танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Талмас еңбек пен кәсіби біліктілігіңіздің нәтижесінде еліміздің көк Туы Польша төрінде биікке көтерілгені біз үшін үлкен мақтаныш. Біліміңіз бен кәсіби дағдыларыңызды өңіріміздің игілігі үшін жұмсайтыныңызға сенемін.Жаңа белестерді бағындыра беріңіз!-делінген Алғыс хатта.

32 елден 600 жас маман қатысқан білім бәйгесінде С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Ерасыл Бағытжан «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша  үздік нәтиже көрсетіп, «Үздік маман», «Ұлт мақтанышы» медальдарына ие болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #чемпионат #"Euroskills -2023"
Объявления
live comments feed...