• Главная
  • Атырауда 45 сұлулық шебері оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды
16:00, 13 сентября 2023 г.

Атырауда 45 сұлулық шебері оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкермін» жобасы аясында «бет әрлеуші» және «шаштараз» курстарын ұйымдастырды. Он күндік қысқа мерзімді курстар «Ғасыр» оқу орнының базасында өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кәсіпкерлер палатасы осы білім беру мекемесімен кадрларды даярлау бойынша бірінеше жылдан бері ынтымақтасып келеді. «Бет әрлеуші» курсында нәзік жандылардың 25 өкілі, «шаштараз» курсында 20 әйел оқытылды. Олар қала мен аудандардан келген әр түрлі жастағы әйелдер. Олардың барлығы сұлулық саласында өз бизнесін құруды армандайды. 

-Бұл «Мен кәсіпкермін» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының» үшінші бағыты аясында осы жылғы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған оқытудың төртінші және бесінші легі. Барлығы 45 адам «бет әрлеуші» және «шаштараз» курстарынан өтті. Бұған дейін біз SMM маманы, тігінші, кондитер-аспаз сияқты мамандықтар бойынша оқыту жүргіздік. 100-ден астам әйел тиісті сертификатқа ие болды. Жыл соңына дейін қыш, керамика бойынша курстар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис Жармұханбетова.

«Шаштараз» курсының тыңдаушылары арасында Атырау қаласының тұрғыны Фазила Қуанышқалиева бар. Үш баланың анасы кәсіби шаштараз болуды және өзі үшін жұмыс істеуді армандайды.

-Маған шаштараз мамандығы бала кезімнен ұнайды. Алайда, басқа мамандық бойынша жұмыс істедім, он жыл бұрын ол жерден өз еркіммен кеттім. Кәсіпкерлер палатасы «шаштараз» курсы бойынша тегін оқытуды ұйымдастырып жатқанын білген соң, әрі балаларым да өскен соң, соған қатысуға шешім қабылдадым. Маған бәрі ұнады. Көпшілігіміз оқуды нөлден бастадық, ал қазір бізде қажетті дағдылар бар. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Ғасыр» оқу орталығына өз ісін ашуды армандайтын көп балалы аналарға, жұмыссыздарға, бала күтіміндегі әйелдерге осындай қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деді Ф.Қуанышқалиева.  

Айта кету керек, «Мен кәсіпкермін» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының» үшінші бағыты аясында нәзік жандылар жаңа мамандық бойынша тегін оқытудан өтіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #сұлулық шеберлері
Объявления
live comments feed...