• Главная
  • Қоныстану ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды
10:00, 13 сентября 2023 г.

Қоныстану ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоба құны 324,2 миллион теңгені құрайтын спорт кешенінің мердігері «НСК МВМ Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

-Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спорттың мәнін арттыру - басты міндеттердің бірі. Бұл ретте ауылдарда спорт кешенін салудың маңызы зор. Осыған орай Қоныстану ауылында 50  орындық спорт кешенінің құрылысы басталып отыр. Қазіргі кезде жер телімін қоршау, тегістеу, іргетасын құю  жұмыстары жасалуда,- деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов.

Оның айтуынша, жоба бойынша спорт кешенінде футбол, волейбол және баскетболға арналған алаң, күрес, бокс және жаттығу бөлмелері бар. Сондай-ақ, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер қарастырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Караганда #спорт кешенін салу
Объявления
live comments feed...