• Главная
  • Биыл Атырауда 9,4 млрд теңгені құрайтын бес жоба іске асырылмақ
18:00, 12 сентября 2023 г.

Биыл Атырауда 9,4 млрд теңгені құрайтын бес жоба іске асырылмақ

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облысында агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық жобаларын іске асыру жөнінде 2021-2025 жылдарға бекітілген Жол картасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласына жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Соған орай биыл өңірде 128 жұмыс орнын қамтитын 9,4 млрд теңге көлеміндегі бес жоба құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Айтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникацияларлар қызметі.

Оның айтуынша, биыл өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 8,2 млрд теңге көлемінде 64 жұмыс орны, мал шаруашылығында 1,1 млрд теңгені құрайтын 60 жұмыс орны және қайта өңдеу үшін сомасы 8 млн теңге болатын 4 жұмыс орны қарастырылған. Сондай-ақ ол осы жылға жоспарланған бес жобаға тоқталып өтті. 

- Махамбет ауданында «Aidana Agro» ШҚ-ның жылыжай құрылысы 5,6 га құрайды және жылына 1323 тонна көкөніс жинауға бағытталған. Сегіз млрд теңге көлеміндегі бұл жоба 60 адамды жұмыспен қамти алады. Мал сою пункті және ет өнімдерін өндіру цехы жобасы  Жылыой ауданында «Достан Ата» ШҚ-да қарастырылмақ. Жоба құны – 80 млн теңге. Жылына 100 тонна ет шығару көзделген және төрт адам жұмыспен қамтылмақ. Құрманғазы ауданында «Дайнов У» ШҚ ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңы 110 млн теңгені құрайды. Жоба қуаттылығы жылына 100 бас. Сонымен қатар он адамға жұмыс орны ашылмақ. Осындай жобалардың бірі Индер ауданындағы «Асыл Агро» ШҚ 500 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы. Бір млрд теңгені қамтитын жоба жылына 2400 тонна ет шығаруды жоспарлауда. Ашылатын жұмыс орны 50 адамға арналған. Атырау қаласы аумағында «Иманбаев» ЖК 0,9 га жылыжай кеңейту жобасында 12 адамға жұмыс орны ашылмақ. Бұл жоба 250 млн теңгені құрайды,- деді А.Айтқалиев.

Айта кетейік, бұл жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жобаларды белгіленген мерзімде іске асыруға тиісті жұмыстар жүргізу ұйымдастырылған. Және осы салалар бойынша одан әрі инвесторларды тарту жұмыстары жандандырылмақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жобалар
Объявления
live comments feed...