• Главная
  • Атырауда қызылша ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
17:00, 9 сентября 2023 г.

Атырауда қызылша ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгінде Атырау облысында қызылша аурушаңдығының зертханалық жолымен дәлелденген 269 жағдайы тіркеліп отыр. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Сәрсенғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар кызметі. 

-Атырау облысында осы жылдың 2 наурыз – 7 қыркүйек аралығында қызылшаға күдікті 372 жағдай тіркелді. Олардың ішінде Атырау қаласында – 337, Жылыой ауданында – 16, Құрманғазыда - 7, Махамбетте – 6, Исатай, Қызылқоға, Индерде - 2 жағдайдан. Ал қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика,- деді А.Сәрсенғалиева.  

Оның айтуынша, облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүзеге асады. Вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Ол тиімді және қауіпсіз, әрі ақысыз түрде жергілікті мекенжай бойынша емдеу мекемесінде атқарылады. Екпе жұмысы Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық кезде, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 9649 адам қызылшаға қарсы вакцина алған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қызылшаның алдын алу
Объявления
live comments feed...