
12:00, 8 сентября
Құрманғазы ауданында көп қабатты 60 пәтерлік тұрғын-үйдің құрылысы басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Атырау облысы әкімшілігінің тапсырысымен Құрманғазы ауданы Кадырка ауылында үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын-үй нысанының құрылысы басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының мердігер мекемесі анықталып, NCOC компаниясымен келісім шарт жасақталуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда құрылыс алаңын қоршау жұмыстары жүргізілуде.
-Құрылыс нысанына бөлінген 1 млрд 300 млн NCOC компаниясы арқылы каржыландырылады. Нысанның жұмыс барысы мен материалдық-техникалық сапасын тапсырыс беруші мекеме – облыстық Құрылыс басқармасы мен NCOC компаниясының техникалық қадағалаушы мекемелері тексеретін болады,- деді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
15:00, 5 декабря
11:55, 4 декабря
53
11:55, 4 декабря
15
09:35, 4 декабря
12
live comments feed...