• Главная
  • Қызылқоға ауданында биыл 60 пәтер сатып алынбақ
14:00, 4 сентября 2023 г.

Қызылқоға ауданында биыл 60 пәтер сатып алынбақ

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі таңда 35 пәтер сатып алынған. Бұл пәтерлер бес санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға беріледі. Олар жетiм, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар. 

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Нығметовтің айтуынша, сатып алынатын пәтерлердің талабы бойынша тұрғын үй жаңадан салынып, кезекте тұрған азаматтарға сатып алу үрдісі жүреді. Сондай-ақ ол, дайын жалдамалы пәтерлер сатып алынса да, жалға алу ақысын субсидиялау жүйесі тоқтатылмайтынын атап өтті.  

Оның айтуынша, аталған пәтерлерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 595 млн теңге қаржы жұмсалып отыр. Сатып алынған әр пәтер аумағы 100 шаршы метрді құрайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қызылқоға ауданы #пәтерлер #кезекте тұрғандар
Объявления
live comments feed...