• Главная
  • Аққыстау ауылындағы 320 орындық мектеп-гимназия мен Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің жапсаржайы жаңа оқу жылында пайдалануға берілді
18:00, 2 сентября 2023 г.

Аққыстау ауылындағы 320 орындық мектеп-гимназия мен Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің жапсаржайы жаңа оқу жылында пайдалануға берілді

фото: Исатай аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Исатай аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аққыстау ауылындағы 320 орындық 100 орындық жатақханасы және шеберханасы бар жаңа мектеп-гимназия ғимараты 2023-2024 оқу жылына пайдалануға берілді. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алғашқы қоңырау салтанатында аудан әкімі Полымбет Хасанов жаңа оқу жылымен және жаңа оқу орнының ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Аталған мектеп құрылысы «Дан-Строй-БаЗа-ЛТД» ЖШС-мен жүргізілген. Үш қатарлы ғимаратта 11 сынып бөлмесі, химия, физика, лингофон, АӘД, информатика кабинеттері бар. Оған қоса 80 орындық акт залы, спор залы, 80 орындық асхана және медициналық кабинет те қарастырылған. 100 орындық жатақхана ғимараты жұмсақ жиһаздармен және көрнекі әдістемелік құралдарымен жабдықталған. Мектеп ғиммаратына 15 ішкі бақылау камерасы, жатақхана ғимаратына 7 ішкі бақылау камерасы, шеберхана ғимаратында 5 ішкі бақылау камерасы орнатылған. 

Сондай-ақ Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің жапсаржай құрылысы да осы оқу жылында пайдалануға беріліп отыр. 2021 жылы «ТеңізШевройлдың» компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы қаржыландырылып, құрылыс жұмысы «Тоныкөк құрылыс» ЖШС-мен жүргізілді. Ғимарат 350 оқушыға  арналған. Мұнда 14 сынып бөмесі, 100 орындық акт залы, спортзалы, мамандарға арналған  (логапед, дефектолог, психолог, мұғалімдер бөлмесі т.б)  жеке кабинеттер, 60 орындық асхана, кітапхана бар. Барлық кабинеттер қазіргі заманғы талаптарға  сай жабдықталған. 50 ішкі-сыртқы бақылау  бейнекамералармен, барлық  сыныптар интерактивті тақталармен  жабдықталған. 

Айта кетейік, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі биылғы оқу жылын 906 оқушымен бастап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Аққыстау #мектеп-гимназиясы
Объявления
live comments feed...