• Главная
  • Құлсары қаласында 32 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салына бастады
12:00, 29 августа 2023 г.

Құлсары қаласында 32 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салына бастады

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы мекеме «СанжарПроектСервис» ЖШС болса, мердігері «Өмірзақ» ЖШС. Ал құрылыс монтаждау жұмыстарының ұзақтығы 10 ай.

-Бұл жұмыстар қаладағы 46 көшені қамиды. Нақтылай кетсек, З.Есенов көшесіне - 595 метр, Арқабаев көшесіне - 1500 метр, С.Иманғали, №66, Б.Момышұлы көшелеріне - 2210 метр, Қуатбаев көшесіне - 505 метр, М.Ығылман көшесіне - 830 метр, Қ.Кенжеғалиев көшесіне - 1000 метр болып белгіленіп отыр. 

Сондай-ақ, Молдағалиев көшесіне - 1100 метр, №7 мектеп маңы - 420 метр, Б.Шолақ көшесі - 1160 метр, №196 көшеге - 720 метр, С.Дүйсенбекова, П.Бекбосынова көшелеріне - 1580 метр, А.Дүйсенбеков көшесіне - 800 метр, Завершенский көшесіне (Жаңа көпір) - 770 метр. Оған қоса Бойжанов, Ізтұрғанов көшелеріне - 1720 метр, №5 ықшам ауданындағы көпірге - 150 метр, Кенғанов көшесінен Сариев көшесіне дейін - 365 метр, 8 ауылға (Футбол алаңы жанындағы көше) - 480 метр, Өтеулиев көшесі - 400 метр, Аймауытов көшесінен Алтынсарин көшесіне дейін - 425 метр жол түспек. Ал, Аймауытов көшесінен мектепке дейін - 430 метр, Орталық емхана алды - 860 метр, Қымбатжан мен Хан шах арасы - 3071 метр, №9 мектептің алды - 130 метр, Барақатов, Нұрманов көшелеріне - 605 метр жерге жаяу жүргіншілер жолы түсек,-деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы Еркінов. 

 Сонымен қатар оның айтуынша, М.Кенғанов көшесінен Өтен батыр көшесіне дейін - 640 метр, Н.Аязбаев, №53, 325 көшелеріне - 2210 метр, №62, 63 көшелеріне - 600 метр, З.Балкенжиев көшесіне - 470 метр, Махамбет даңғылына (Базар-Қибат) - 1960 метр жол болмақ. Және осы жоба аясында 5А ықшам ауданына (№224, 225, 226 көшелеріне) - 1160 метр, 5 ықшам ауданына (№12 үйдің артына) - 425 метр, Ы.Алтынсарин (сол жағы) - 1862 метр, №257, 253 көшелеріне - 732 метр, Вокзал алдынан Қобыланды батыр көшесіне дейін - 950 метр жерге өректас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы жүргізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құлсары #жол құрылысы
Объявления
live comments feed...