• Главная
  • Атырауда 8 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде
10:10, 29 августа 2023 г.

Атырауда 8 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

- Өңірде спорттық нысандар саны жыл сайын көбеюде. Бүгінгі таңда 8 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Бүгінгі таңда 8 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар Индер ауданының Көктоғай ауылдық спорт кешені, Атырау қаласының Дамбы ауылында орналасқан көпфункционалды спорт залы, Ақсай ауылындағы көп салалы спорт алаңы, Химпоселок, Бірлік ауылдарындағы спорт кешендері, Қызылқоға ауданының Жасқайрат, Тасшағыл, Сағыз ауылдық спорт кешендерінің құрылысы.

-Миялы, Құрманғазы ауылдарында орналасқан орталық стадион, Мақат кентіндегі стадион мен 2 спорт кешені, жалпы 5 нысан қайта жаңғыртылуда.  Ал облыс бойынша 48 спорт алаңы жөндеуден өткізіліп жатыр. Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Нұржау, Қызылқоға ауданы Қарабау, Қоныстану, Исатай ауданы Ерғалиев, Махамбет ауданы Таңдай ауылдарында, жалпы 6 спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарланып, тендерлік рәсімдер жүргізілуде,- деді Д.Қоспанов.  

Сонымен қатар оның айтуынша, НКОК және ТШО компаниялары арқылы екі спорт нысанының құрылысын бастау жоспарланған. 

Айта кетейік, биыл Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында спорт кешені пайдалануға берілген болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #спорт нысандары
Объявления
live comments feed...