• Главная
  • Атырауда «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ» атты жүгіру марафоны өтті
11:00, 28 августа 2023 г.

Атырауда «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ» атты жүгіру марафоны өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Өңірде Атырау облысы Дін істері басқармасы мен "Жәрдем-Атырау" ҚҚ-ның ұйымдастыруымен облыс жастары арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын алу мақсатында "30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне" орай "Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ" атты 10 шақырымға жүгіру марафоны өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Іс-шара ҚР-ның ата заңын құрметтеу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және ұлтаралық, экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен белсенді айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Ізғалиев қатысушыларға сәттілік тіледі. 

- Ата заңымызды әрқашан дәріптейік. Егемен еліміздің гүлденуіне әр азамат өз үлесін қосуы керек. Отанымыздың патриоты болайық. Салауатты өмір салтын насихаттауға ат салысқан әр қатысушыға, жарыс жолында сәттілік тілеймін, - деді М.Ізғалиев. 

Марафонға 700 - ге жуық адам тіркелген. Мәре сызығын кескен ең үлкен қатысушының жасы 79 болса, ең кішісі 12 жаста. Айталған іс-шарада облыс тұрғындарымен қатар, БҚО, Ақтөбе облыстарының спортшылары да өз бақтарын сынады.

50 жасқа дейін ерлер арасында мәре сызығын БҚО-ның тұрғыны Жарас Айтуаров алғаш болып кесті. Екінші орын БҚО-нан Ерсайын Қаныбекке бұйырды. Үшінші орынды атыраулық Саламат Сатихов еншіледі. 

Әйелдер арасында бірінші орын БҚО-нан Жазира Сүйесиноваға бұйырды. Екінші орынды атыраулық Жанаргүл Ермұханова еншілесе, үшінші орын иегері деп атыраулық Айнагүл Қуанышова танылды. 

50 жастан жоғары жас шамасы бойынша атыраулық Асылбек Ситалиев жеңімпаз атанса, жерлестеріміз Асқар Қазиев екінші, Есенбек Билалов үшінші орынды иеленді. 

Жеңімпаздар мен марафонға белсенді қатысқан тұрғындарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #марафон
Объявления
live comments feed...