• Главная
  • Атырауға Қазақстанның бас ревматологы келді
20:00, 27 августа 2023 г.

Атырауға Қазақстанның бас ревматологы келді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Қазақ ревматология алқасының төрағасы, ревматологтардың Еуразиялық лигасының президенті Ғалымжан Тоғызбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Облыстық ауруханда өткен жиынға Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен медицина саласының мамандары, дәрігерлер қатысты. 

Жиында Ғ.Тоғызбаев облыс дәрігерлерін оқыту жоспарда бар екенін атап өтті. 

-Атырау облысына ревматологтардың жұмысымен танысып, алдағы уақытта іске асырылатын жобаларды талқылау бойынша іс-сапармен келдім. Баршаңызға белгілі бұл - өте күрделі сала. Нейрохирургия, травматология, кордиология салаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 наурызында екінші деңгейдегі ревматологиялық орталық ашу туралы бұйрығы шыққан болатын. Соған орай, мамандарды жұмысқа тартып, алдағы уақытта Астана, Семей, Алматы қалаларында оқытып, барлық емханаларға жұмысқа қосамыз,- деді Ғ.Тоғызбаев.

Жиын соңында Ғалымжан Тоғызбаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Айта кетейік, облыс бойынша қазіргі таңда 7 ревматолог дәрігер бар болса, оның екеуі облыстық ауруханада және қалалық №1, № 4 және «Аман саулық» емханасында еңбек етуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бас ревматолог
Объявления
live comments feed...