• Главная
  • Қараша елді мекеніне жаңадан электр желісі жүргізілді
14:00, 26 августа 2023 г.

Қараша елді мекеніне жаңадан электр желісі жүргізілді

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жылыой ауданы Жем ауылдық округіне қарасты Қараша елді мекеніне жаңадан электр желісі жүргізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

-Бұған дейін апаттық жағдай орын алып, яғни дала өртінен 15 ағаш электр бағанасының жанып кетуіне байланысты аталған елді мекен ток көзінен ажыратылған болатын. Мәселені шешу мақсатында «Атырау Жарық» АҚ мекемесі Қараша елді мекеніне 40 дана бетон бағана орнатып отыр. Сондай-ақ, 4 км 800 метр АС сымдары жүргізілді. Бүгінде барлық үйге жарық берілді,- деді «Атырау Жарық» АҚ Жылыой аудандық филиалының директоры Марат Мендияров. 

Оның айтуынша, электр желісін жүргізуге «Атырау Жарық» мекемесінің 14 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған. 

Айта кетейік, бүгінде Қараша елді мекенінде 18 үй, 53 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Караганда #Караша #электр желілері
Объявления
live comments feed...